Қарағандылық кітапханадағы «Медиаджунгли»: жас оқырмандарға квестте білімдерін сынауды ұсынады

 Қарағандылық кітапханадағы «Медиаджунгли»: жас оқырмандарға квестте білімдерін сынауды ұсынады

Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы жас оқырмандарды балалар әдебиеті, кино және анимация бойынша сұрақтармен қызықты ойынға қатысуға шақырады. Квест қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталады.

Сондай-ақ, «Медиаджунгли» қосымшасының көмегімен балаларды тарихи және әдеби фактілерді тексеруге үйретеді.

Ойын 17 сәуірде сағат 15:00 Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында, Бұқар жырау даңғылы, 30-да өтеді. Кіру тегін.