
15 сәуірден бастап саяжай автобустарының маусымдық қозғалысы басталды. Федоров саяжайына баратын № 11д және 21д бағыттары желіге енді, деп хабарлады Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
№ 10пд, 60д, 75д және 76д автобустары сәуірде келесі күндері: 19, 20, 26 және 27 күндері, ал 1 мамырдан бастап күн сайын кесте бойынша қатынайтын болады.
Бұдан басқа, қосымша рейстер іске қосылады:
* «Ромашка» саяжай қоғамына дейін – № 42 маршрут;
* «Геологқа» дейін – № 7 маршрут.