
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры өзінің мерейтойлық, 90-шы маусымын онлайн форматта 11 қыркүйекте сағат 18.30-да stanislavsky.kz сайтында ашады. Мұнда қыркүйек айына арналған онлайн көрсетілімдердің репертуарымен танысуға болады.
Театрда 90 жылдықты мерейтой кешімен атап өту жоспарлануда. Ашылу салтанаты театр фойесінде қызыл кілемде актерлердің шеруінен басталады, ал маусым Дунай Еспаевтың қойылымындағы Дэвид Кристнердің «Горячие мамочки» комедиясының онлайн-трансляциясынан басталады.
Жаңа театр маусымында көрермендерді өткен жылдардағы спектакльдерден басқа, жаңа премьералар күтеді. Театр жетекшісі Дунай Еспаев Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының желісі бойынша жазған Кеңес Жұмабековтың «Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал!» драмасын сахналамақ. Ұлы Жеңістің мерейтойына орай көрермендер азарына Белгород режиссері Владимир Бородиннің қойылымындағы Григорий Гориннің «Қош бол, конферансье!» спектакль-концерті ұсынылады. Содан кейін мәскеулік Константин Мишиннің қойылымындағы Уильям Шекспирдің «Макбет» трагедиясының премьерасы жоспарланған.
Балалар үшін театр актері Константин Снегирев Оксана Розумның «Сиқырлы шартылдақ» жаңа жылдық ертегісін қояды. Тағы бір премьера - Галина Турчинаның қойылымындағы Лора Каннингемнің «Девичник» лирикалық комедиясы. Театр ұжымы осы беп премьераны көрермендерге 2020 жылдың соңына дейін көрсетуге үміттеніп отыр.
2021 жылы Мольердің «Жорж Данден» комедиясын қою үшін Грузиядан режиссер Тургай Велизадені шақыру жоспарда бар, ал Петербургтік Аршад Алекперов Иван Вырыпаевтың «Валентин күнін», Чувашиядан келген қоюшы режиссер Станислав Васильев - Иван Сергеевич Тургеневтің «Месяц в деревне» немесе «Отцы и дети» фильмін көрсетуді жоспарлап отыр. Пьесаны таңдау қазір талқылану барысында.