Қарағандыда жұмыс орындары жәрмеңкесінде мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады

Қарағандыда жұмыс орындары жәрмеңкесінде мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады

Қарағанды облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы 11 сәуірде кезекті бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Өңірдің 50-ден астам компаниясы мен кәсіпорны 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар – слесарьлар, дәнекерлеушілер, аспаздар, жүргізушілер, жол монтаждаушылары, токарьлар мен түрлі бейіндегі шеберлер, сондай-ақ қызмет көрсету саласының өкілдері.

Жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесіп, сұрақтар қойып, жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар алуға болады. Жұмыс берушілер ресми жұмысқа орналасуға, тұрақты жалақыға және толық әлеуметтік пакет ұсынады.

Жәрмеңке сағат 15:00-17:00 аралығында «Таир» сауда үйінде (Космонавтар көшесі, 1, 1/29) өтеді.

Ұйымдастырушылар іскерлік қарым-қатынас жасап қана қоймай, сонымен қатар қызықты тосын сый жасамақ: ізденушілер үшін конкурстар мен жүлделер әзірленген.

Байланыс телефондары: 60-50-50, 8-775-644-35-80 – WhatsАpp.

Жәрмеңке Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.