Қарағанды өлкетану мұражайы жұмысын қайта бастады

Қарағанды өлкетану мұражайы жұмысын қайта бастады

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өз қызметін қайта бастады. Мұражайда экспозициялық залдар, сондай-ақ гүлдер көрмесі бар. Бірақ карантиндік шектеулерге байланысты арнайы жағдайлар бар: топтық экскурсиялар алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылады, ал қонақтар саны оннан аспауы керек.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (бұл уақытта барлық 16 экспозициялық зал жұмыс істейді).

Билет бағасы да сол қалпында қалды: ересек адам 500 теңге, балалар - 200 теңге, ал гид қызметі 800 теңгені құрайды.

Мұражайда атап өткендей, карантин кезінде топтық экскурсиялар алдын-ала жазылу бойынша 10 адамға дейін жүреді.

Қыркүйек айының соңына дейін мұражайда Виктория Конованың үлкен гүлдерінің көрмесі өтеді. Билет бағасы: ересек адамға - 800 теңге, балаларға-500 теңге (үш жасқа дейін тегін).

Келушілер бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.