
Қарағандылықтарды «Беги со смыслом!» қайырымдылық марафонына қатысуға шақырады. Ол Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған, ал тіркеуден жиналған барлық ақша жіті миелобластикалық лейкозбен ауыратын кішкентай қарағандылық қыз баланы емдеуге жұмсалады.
Ерекше марафон онлайн режимінде өтеді. Қатысу үшін телефонға STRAVA қосымшасын орнатып, 3,5 немесе 10 шақырымдық қашықтықты таңдап, жүгіру керек.
Қатысушылар жол бойында кездесетін қалдықтарды жинау үшін өздерімен бірге қолғап пен қоқыс пакеттерін алып жүруі тиіс.
Марафонға тіркелу ақылы - 1 500 теңге. Барлық түскен қаражатты жіті миелобластикалық лейкозбен ауыратын қарағандылық София Данкоға жібереді. Оны дертінен емдеу үшін 166 мың АҚШ долларын жинау қажет. Қыз баланы түрік клиникаларының бірі қабылдауға дайын.
Марафон 19 қыркүйекте өтеді. Толық ақпарат алу үшін 8-701-214-10-77 және 8-700-999-55-99 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Тіркеу формасы сілтеме бойынша қол жетімді http://forms.gle/3kgFaV9qMhZiMAct7.