Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығы енді Теміртау тұрғындарының өтініштерін қабылдауда

Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығы енді Теміртау тұрғындарының өтініштерін қабылдауда

Senim109 енді Теміртау тұрғындарының өтініштерін қабылдап жатыр. Бірыңғай үйлестіру орталығы қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындарын біріктіреді және қала тұрғындарымен бірыңғай байланыс нүктесі болып табылады. Қызмет көрсетудің бұл түріне сұраныстың артуын ескере отырып, Senim109 өзінің географиясын кеңейтеді.

9 қыркүйектен бастап call-орталық операторлары Қарағанды қаласының ғана емес, Теміртау  шаһары тұрғындарының да өтініштерін қабылдайды. Енді 500 мың қарағандылықтан басқа операторлардың қызметін 180 мыңға жуық теміртаулықтар пайдалана алады. Олар коммуналдық мәселелерді, ТКШ, абаттандыру, денсаулық сақтау және білім беру мәселелерін шешуде көмек пен кеңес алуға мүмкіндік алды.

Senim109 жүйесіне Теміртау қаласының барлық мемлекеттік органдары мен коммуналдық қызметтері қосылған. Олар қызмет арқылы жіберілген өтініштерді қабылдайды және оларға жауап береді.

- Азаматтардың проблемалары тыңдалуы керек. Жақында өткен Жолдауында ел Президенті азаматтардың хабарламаларын жедел қабылдап қана қоймай, жедел әрекет етіп, оларға жауап беру керектігін атап өтті. Теміртауда Senim109 қызметінің пайда болуы азамат пен мемлекет, коммуналдық қызметтер арасындағы диалогты едәуір жақсартады және жеделдетеді, - деді Senim109 Бірыңғай үйлестіру орталығының директоры Рахат Сәдуақасов.

Іске қосылған сәттен бастап call-орталыққа қарағандылықтардан 100 мыңнан астам өтініштер мен сұрақтар келіп түсті. Жыл соңына дейін қызмет бүкіл облысты қамтуды жоспарлап отыр.

Senim109 қызметіне жүгіну жолдары:

- 109 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз (қоңырау қалалық және ұялы телефондардан тегін);

- портал senim109.kz;

- WhatsApp - 8-701-7-109-109;

- Telegram-bot-senim109kz_bot;

- Instagram - senim109.kz;

- Facebook-senim109 (мессенджерде хабарлама немесе кез-келген хабарлама бойынша түсініктеме арқылы);

- «ВКонтакте» - Senim109-Қарағанды

Естеріңізге сала кетейік, Senim109 қызметінің операторлары тәулік бойы жұмыс істейді.