Қарағандылық оқушы информатика бойынша Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері атанды

Қарағандылық оқушы информатика бойынша Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері атанды

Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы информатика пәнінен Еуропалық олимпиаданың (European Junior Olympiad in Informatics) жүлдегері атанды. Жарыс онлайн-режимде өтті.

Биыл олимпиадаға 27 елден 92 оқушы қатысты. Белгіленген ережелер бойынша әр елдің командасында 15 жастан аспаған төрт оқушы болды. Құрама қатысушыларын ұлттық жарыстардың нәтижелері бойынша іріктейді. Қазақстанда бұл информатика бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Қазақстан құрама командасы Олимпиадаға алғаш рет қатысып, тамаша нәтиже көрсете алды. Барлық төрт олимпиадашы жоғары марапаттарға ие болды. Қазақстан командасының қоржынында алтын, күміс және екі қола медаль бар.

Қарағанды облысының оқушылары да Информатика пәнінен жасөспірімдер арасындағы Еуропалық олимпиадаға қатысты. Н. Нұрмақов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Рамазан Пердебай қола медаль жеңіп алды.

Қарағанды облысының Білім басқармасының хабарлауынша, Рамазан 7-ші сыныптан бастап «Сарыарқа дарыны» РҒПО ұйымдастырған облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысты. Мәселен, 2019 жылы ол Алматыда өткен XI Еуразиялық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, өткен жылы республикалық жасөспірімдер Олимпиадасында күміс, 2020 жылы республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінде күміс алды. Республиканың резервтік командасының құрамына кіреді.

Оның ұстазы - Мағжан Қауланов, информатика пәнінің мұғалімі.

Мәлімет үшін, информатика бойынша еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) 2017 жылдан бастап өткізіледі. Жарыс Еуропа елдерінің жас бағдарламашылары арасындағы байқау болып табылады.

Алғашқы EJOI 2017 жылы Болгарияда, келесі 2018 жылы Татарстанда, содан кейін 2019 жылы Словенияда өтті. 2020 жылы Грузияда информатика бойынша еуропалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу жоспарланған болатын. Бірақ пандемияға байланысты EJOI 2020 Ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимге ауыстыру туралы шешім қабылдады.