
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы басталғанын жариялады. Ол жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Барлығы төрт номинация бар: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Сондай-ақ, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы қарастырылған.
Қатысу үшін материалдарды қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну қажет.
Байқау туралы толық ақпарат алу үшін облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департаментіне жүгіну қажет.
Байқауға қатысу тегін.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі