Қарағанды облысында 75 жаңа шақырылған азамат Отанға адал қызмет етуге ант қабылдады

Қарағанды облысында 75 жаңа шақырылған азамат Отанға адал қызмет етуге ант қабылдады

Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан мерзімді қызметке шақырылған жас әскери қызметшілер Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде Отанға адал болуға ант берді.

Ант қабылдау рәсіміне 75 әскерге шақырылушы қатысты.

Бөлім командирі подполковник Дәулет Мұстафиннің айтуынша, әскер қатарында өз елі үшін мақтаныш сезімі, азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға ұмтылу дағдысы қалыптасады.

- Ант мәтінінде Отанды қорғаудың асыл мұраттары шоғырланған, соған сәйкес әрбір жауынгер өзіне жоғары міндеттемелер алады. Оларды орындау әскери қызметтің мағынасын құрайды. Сіздерге зор денсаулық, қызметте табыс, шыдамдылық тілейміз! Естеріңізде болсын: сіздерді үйлеріңізде туғандарыңыз күтіп отыр! Нағыз ерлер мен Отанымыздың азаматтары болып оралыңыздар! – деп әскерге шақырылушыларды ант қабылдаумен подполковник Дәулет Мұстафин құттықтады.

Карантинге байланысты, шақырылушылардың ата-аналары рәсімге қатыса алмады, бірақ бөлімнің басшылығымен әскери рәсімнің фото және бейне түсірілімдері ұйымдастырылды. Фото және бейне есеп сарбаздардың ата-аналарына жіберіледі.