Теміртау жастар театрында «Қасқырлар мен қойлар» спектаклінің премьерасы өтеді

Теміртау жастар театрында «Қасқырлар мен қойлар» спектаклінің премьерасы өтеді

Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театрының үлкен залында 29 және 30 наурызда Александр Островскийдің «Қасқырлар мен қойлар» пьесасы бойынша спектакльдің премьерасы өтеді. Басталуы сағат 17:00.

Қоюшы режиссер – Олег Керимов. Қоюшы суретші – Татьяна Ушакова.

Спектакль екі актілі.

Оқиғалар XIX ғасырдың ортасында нақты болған қаланың шетінде орын алған. Пьеса кейіпкерлері тек пайда табуға, ақшаға ғана құныққан қу және сайқал адамдар. «Қасқырлар» мен «қойлар» қоғамдарының сабақтасқаны соншалық, «қасқырлар» «қойлар» болуы мүмкін және керісінше.

Көрермендердің жас санаты – 14+.