
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері мереке күндері өңірдің су қоймалары бойынша профилактикалық рейдтерге шықты. Олар балықшылармен мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері мен мұз қату кезіндегі қауіп-қатерлер туралы әңгімелесті.

Ынтымақ су қоймасында оның жағдайына қарамастан бірнеше балықшы мұз үстінде болған.

Рейд қорытындысы бойынша төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және мұз еріген кезде оған шығудан бас тартуға шақырады.
Қарағанды облысының ТЖД