Абылайхан Жүсіпов Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ректорының грантын алды

Абылайхан Жүсіпов Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ректорының грантын алды

Дарынды қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды универститетінде оқуға ректор грантын иеленді. Ол дене шынықтыру және спорт факультетінде білім алмақ.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев және Абылайхан Жүсіпов өткен демалыс күндері жақында ғана Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін басқаруға тағайындалған заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбековпен кездесіп, жас спортшыға бөлінген грант үшін ректорға алғыс айтып қана қоймай, студенттік дене шынықтыруды дамыту мәселелерін де талқылады. Университеттің жаңа ректорының осы маңызды бағытта үлкен жоспарлары бар, ол алға қойып отырған мақсаттарымен қонақтармен бөлісті. Оның қатарында бар құрылыс нысандарын жөндеу, футбол алаңын қайта құру, бірнеше street workout спорт алаңдарын орнату жоспары бар.

- Өте сындарлы және жағымды диалог болды. Әрине, біз университетпен тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз. Біздің жетекші спортшыларымызға қолдау көрсеткені үшін ЖОО ректоры Нұрлан Дулатбековке алғысымызды білдіреміз. Әрине, Абылайханға сәттілік тілейміз, ол енді Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру факультетінде оқиды, - деп атап өтті Темірхан Абылаев.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша