
Еліміздің бас театры сегізінші театр маусымын ашады. Ұжым 18 қыркүйекте Tengri TV тікелей эфирінде және «Астана Опера» YouTube-арнасында әлемге әйгілі маэстро, театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен «Опера классикасы парақшаларымен» гала-операның жарқын бағдарламасын ұсынады.
Гала-опера Үлкен театр залының сахнасында онлайн форматта өтеді. Бағдарламаға ұлттық және әлемдік игіліктердің үздік үлгілері: А.Жұбановтың «Абай», Л. Хамиди, Дж. Россини, П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» және тағы басқалары ұсынылады. Тыңдаушылар алдында елордалық труппаның танымал солистері өер көрсетеді.
Театр дирекциясы 2020 жылдың екінші жартысында және 2021 жылы көрермендерді ерекше премьералар мен үлкен концерттік бағдарламалар күтетінін айтты. Қазан айының басында Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьералық онлайн-көрсетілімі өтеді, В. А. Моцарттың музыкасына көрнекті хореограф И. Килиан қойған «Алты би» эксклюзивті балеті жаңа туындыларға деген адалдықты жалғастырады. Содан кейін театр сүйер қауымның назарына көптен күткен премьералар ұсынылады: Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсы және Т. Қажығалиев, Р. Гайсин және К. Пино-Кантананың музыкасына Патрик де Банның «Дала шақыруы» қойылымындағы ұлттық балет орындалады.
Тибор Кочактың музыкасына арналған Дьюла Харангозоның «Ақшақар және жеті гном» балет қойылымы көпшілікке балалық шақтан таныс ертегі сюжетін жаңа интерпретацияда тамашалау қуанышын сыйлайды. Жоғары классиканы сүйетіндерге келер жылдың басты премьерасы - Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» ұлттық операсы ұсынылады.
- Бұл маусымды біз өзіміз үшін ерекше форматта ашамыз: әртістер залда көрермендерсіз сахнада өнер көрсетеді. Спектакльдер мен концерттердің тікелей трансляциясы қыркүйек айына жоспарланған. Қазіргі уақытта солистер осындай үлкен үзілістен кейін жұмысқа қуана кірісті. Олар репетициялық залдарда жұмыс істейді және тыңдаушылармен алғашқы кездесуіміз онлайн-форматта өтетініне қарамастан, әрине, алаңдаулы, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» директоры Ғалым Ахмедьяров.
Театрдың көркемдік кеңесі сегізінші маусымның бай репертуарын құрастырды, оған ұлттық және әлемдік опера және балет классикасы, камералық музыка концерттері және, әрине, балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған бағдарламалар кіреді.
Қыркүйек афишасын «Опера классикасы парақшаларымен» гала-операсынан бөлек, хореографиялық өнердің шедеврлері - Күміс ғасыр балеттері мен Н. Римский-Корсаковтың музыкасына қойылға «Шехеразада» түрлендіре түспек.