
Халықаралық қуыршақ күні жыл сайын 21 наурызда атап өтіледі. Қарағандылықтар осы күнді атап өте алады. Мерекені музыкалық комедия театрының «Буратино» қуыршақ студиясы ұйымдастырады. Шараға барша ниет білдірушілер шақырылады.

Бағдарламада қазақ және орыс тілдеріндегі спектакльдер, биік қуыршақтардың қатысуымен ойындар қарастырылған. Ал шеберлік сабақтарында қуыршақтар мен олардың жасалуы туралы көптеген қызықты дүниелерді білуге болады.
Мереке сағат 11:00 басталады. Кіру тегін.
Халықаралық қуыршақ күні 2003 жылдан бері аталып келеді. Мереке Халықаралық қуыршақтар одағымен бекітілді. Оның мақсаты – қуыршақ өнерін насихаттау және дәріптеу, сондай-ақ оның қоғамның мәдени өміріндегі маңыздылығы мен ерекшелігін мойындау.