Теміртау қаласының Жас көрермендер театры жаңа білім беру жобаларын іске қосады

Теміртау қаласының Жас көрермендер театры жаңа білім беру жобаларын іске қосады

Теміртаулық Жас көрермен театрында оқу жылының басталуымен жаңа онлайн-білім беру жобалары басталады. Әртістер театр тарихы туралы бейне экскурсиялар мен дәрістер түсіреді.

Театрлар әлі де көрермендер үшін жабық күйінде қалып жатқанда, теміртаулық жас көрермендер театрында оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін онлайн режимде оятуға шешім қабылдады.

- Бұл жоба – барлық жастағы оқушылар үшін театрға онлайн-абонемент. Оны біздің суретші Александра Борисова басқарады. Ол барлық шеберханаларға - бутафор, тігін, монтаж бөлмелелеріне және басқаларын аралап, қызметкерлерден олардың жұмысының қызықты ерекшеліктерін сұрап, көрсетеді. Мұның бәрін біз 20-25 минутқа созылатын бейнеге енгізіп, әлеуметтік желілерде жариялаймыз, - дейді театрдың баспасөз хатшысы Екатерина Варапницкайте.

Пандемия мен театрлардың жабылуына дейін ЖКТ әртістері де осындай экскурсиялар өткізген, бірақ келушілердің тікелей қатысуымен. Екатеринаның айтуынша, олар мектеп оқушылары мен ересектер арасында үлкен сұранысқа ие болған.

- Цехтарда жоғары сынып оқушыларына өте қызықты болды, әдетте, сахна, оның техникалық құрылымы келушілерге қатты әсер етеді. Ересектерге Теміртаудағы театр тарихы туралы әңгімелер ұнады. Ересек көрермендірімінңдің кейбірі тіпті көптеген мәліметтерді есіне алады, мысалы, біздің ғимаратта бұрын Мәдениет үйі, музыкалық комедия және неміс театрлары болғанын айтады, - дейді баспасөз хатшысы.

Театр тарихы және оның металлургтер қаласында қалыптасуы туралы «театрлық үзіліс» екінші жобасы айтып береді. Оны суретші Владимир Хомутов басқарады. Дәрістер мен экскурсиялардың тақырыптары осы жылдың соңына дейін жоспарланып қойған. Олар аптасына бір рет шығады.

Бірінші экскурсия ертең, 5 қыркүйекте өтеді. Бірінші дәріс 12-ші қыркүйекке жоспарланған.

Теміртаулық жас көрермендер театрының әлеуметтік желілердегі парақшалары:

- Instagram: https://www.instagram.com/temirtau.tuz;

- Facebook: https://www.facebook.com/temirtau.tuz;

- «ВКонтакте»: https://vk.com/id548000162.