Қарағанды облысындағы өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін марапатталды

Қарағанды облысындағы өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін марапатталды

Қарағанды облысы ТЖД № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Нұржан Қанафин «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоғары деңгейде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Осы жылдың басынан бастап ол 30-дан астам өртті сөндіруді басқарған және кезекші қарауылдың жеке құрамымен бірге 16 адамды құтқарды.

Нұржан азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етеді. Ол төтенше жағдайларда бірден әрекет ету және қол астындағыларды тапсырмаларды орындауға жұмылдыру қабілетімен ерекшеленеді.

Оның жұмысының жарқын мысалдарының бірі -  2020жылдың 5 шілдесінде болған өртті жою. Нұржан Қанафин газ-түтіннен қорғау қызметінің басшысы ретінде Шахтинскідегі жанып жатқан пәтерден мүмкіндігі шектеулі әйел мен баланы құтқарды. Төтенше жағдай барысында барлығы 13 адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды.

Нұржан сонымен қатар Қарағанды облысындағы табиғи өрттермен күресуге де қатысады.