
Қарағанды облысының несиелері бойынша 90+ күннен аса берешегі бар тұрғындарына заңгерлік қызметтер «Қарызсыз Қоғам» ұлттық жобасы бойынша тегін көрсетіледі.
Көмек келесі қолдау тетіктерін қамтиды:
- жағдайды құқықтық талдау – құжаттармен танысу және одан арғы іс-қимылдар бойынша ұсынымдар;
- берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу – кейінге қалдыру, төлемдердің жаңа кестесі, қайта қаржыландыру, кредитор бас тартқан кезде уәкілетті органдарға шағым беру;
- соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану – жеке тұлғаның банкроттық туралы өтініш беруі және одан әрі сүйемелдеуі;
- сотқа дейінгі тәртіппен нотариустың атқарушылық жазбасының күшін жою;
- бұғаттауды алып тастау және шоттарды ашу;
- банктермен, МҚҰ-мен және коллекторлық агенттіктермен дауларды реттеу;
- басқа да заң қызметтері – талап арыздарды құрастыру, сот кабинеті арқылы беру, өтініштерді дайындау (жеке).
Байланыс телефондары: +7-701-356-28-63, +7-701-956-20-90, +7-700-379-18-99.