
Құрман Қалымов С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры болып тағайындалды. Бүгін, 3 қыркүйекте жаңа басшы шығармашылық ұжымға таныстырылды.
Құрман Қалымов 1981 жылы Көкшетауда дүниеге келген.
Қазақ ұлттық музыка академиясын «театр және кино актері» мамандығы бойынша және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында актер ретінде бастаған. Кейін Алматы қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер, труппа жетекшісі, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
Осы тағайындауға дейін «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директорының қаржы, ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары болды.