Қарағанды облысында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша спорт мектептері жөнделуде

Қарағанды облысында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша спорт мектептері жөнделуде

Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша спорт нысандарын жөндеу жалғасуда. 11 спорт мектебі ретке келтірілді, тағы үшеуі жақын арада дайын болады.

Облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасқан Нүркен Әбдіров атындағы Спорт сарайында бірден бірнеше зал, шатыр мен қасбет жөнделіп, желдету жүйесі ауыстырылды.

- Бокс залында соңғы жөндеу жұмыстары 2010 жылы жасалған болатын. Әрине, бөлме жаттығуға мүлдем жарамсыз болды, жаман болды, желдету жүйесі мен шатырдың тозуы проблемалар туғызды. Қазір бәрі өзгерді. Жаңа ринг орнатып, еден жабынын, терезелерді ауыстырдық. Жөндеу жұмыстары өте сапалы жүргізілді, - дейді облыстық кешенді мамандандырылған спорт мектебінің меңгерушісі Александра Анисимова.

Ғимаратта тир жөнделді, бассейнде жаңа трамплиндер орнатылды, келесі жылы олар төбені ретке келтіруді жоспарлап отыр.

Жеңіл атлетикадан Қарағанды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда футбол алаңы абаттандырылды, қоршау салынды, жүгіру жолдары үшін жаңа жабын төселді, ғимараттың ішінде ағымдағы жөндеу жүргізілді және көше жарығы орнатылды.

- Біздің мектепте 516 бала жаттығады, 17 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Әрине, олар үшін жақсы жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігі өте маңызды. 1963 жылы салынғаннан бері мектепте ешқашан күрделі жөндеу болған емес. Қазір Жұмыспен қамтудың жол картасының арқасында моральдық тұрғыдан ескірген нәрселер ретке келтірілді, - дейді мектеп басшысы Жасұлан Жаңбырбаев.

Жөндеу жұмыстары сонымен қатар қысқы спорт түрлері бойынша ОРМБЖМ, «Дәулет» күрес түрлері бойынша ОРМБЖМ, Жезқазған олимпиадалық резерв мектебі, Теміртау ОРМБЖМ және «Қайрат» ұлттық ат спорты түрлері мектебінде аяқталды.

Жақын арада Саран қаласындағы Олимпиадалық резерв мектебі, есу спорты бойынша ОРМБЖМ және Әлия Молдағұлова атындағы спорт саласында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың Теміртау филиалы тәртіпке келтіріледі.