Қарағанды хайуанаттар бағы балалар сайысын өткізуде

Қарағанды хайуанаттар бағы балалар сайысын өткізуде

Қарағанды хайуанаттар бағы қаланың кішкентай тұрғындарын «Әкем, анам, мен - спорттық отбасымыз!» байқауына қатысуға шақырады.

Жарысқа қатысушылар бүкіл отбасының сүйікті спорт түрі туралы бейне түсіріп, оны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жариялауы керек.

Роликтің астында Қарағанды хайуанаттар бағын @krgzoo атап өту қажет.

Байқау 11 қыркүйекке дейін жалғасады.