
Биыл Қарағанды облысына 17 отбасы келді. Өткен жылы қандас мәртебесін 530 адам немесе 232 отбасы алды. Негізінен этникалық қазақтар өңірге өз туыстарымен бірігу үшін келеді. Облысымыздың түрлі қалалары мен аудандары тұрғылықты жер ретінде таңдалады.

Қоғамға бейімделу және интеграциялану үшін мемлекет қолдаудың арнайы бағдарламаларын әзірледі. Атап айтқанда, олар құжаттарды рәсімдеуге көмектесу үшін жергілікті атқарушы органға «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Облыстың еңбек ұтқырлығы орталығында мамандар әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, медициналық қызмет, жер телімін алу мәселелеріне баса назар аударады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беру мекемелеріне қалай тіркелу керектігі де айтылды. Барлығы 25 қызмет қолжетімді.
– Қарағанды облысы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына кірмейтініне қарамастан, этникалық қазақтар өз бетінше келеді, – деп атап өтті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Төлеу Мұхтар. – Олар негізінен Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Қытайдан, Қырғызстаннан және Ресейден келеді. Былтыр және биыл келгендердің 292-сі экономикалық белсенді халық. Жоғары білімі барлары – 16%, арнаулы орта білімі бары – 45,2%. Олардың ішінде 204 кәмелетке толмаған және 45 зейнеткер бар. Кейбiр қандастар өздерiн медицинада, педагогикада, мәдениетте, спортта табуда. Көбінесе мал шаруашылығымен айналысуды жөн көреді. Әдетте, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, жобаны қорғап, грант алғаннан кейін өз ісін бастайды.
Этникалық қазақтар өздеріне ұнайтын кәсібін және біліктілігін таңдай алуы үшін оларға үнемі бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Ізденушілер түрлі жобалар бойынша жұмысқа орналасады, соның ішінде «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас», «Жастар практикасы». Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарда оқуға өтініштер де жазады.

Бұдан басқа, Қарағандыда заңгерлік және консультациялық сипаттағы қызметтер көрсететін «Кандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Онда жарты жылға дейін тегін уақытша тұруға болады. Орталық 10 төсек-орынға есептелген. Қазіргі уақытта онда төрт отбасы бар.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша