
Қарағандылық көп қабатты үйлерде жаңа лифттер қойылады. Бұл облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша жасалуда.
Осы жылдың мамыр айында Нүркен Әбдіров даңғылындағы 43/2 үйде жаңа лифт іске қосылды. Осыған дейін тоғыз қабатты үйдің тұрғындары сатылы баспалдақпен жаяу көтерілетін.
- Біздің үйде балалары бар отбасылар, қария адамдар көп. Адамдар үнемі пакеттерімен, арбаларымен жаяу көтеріліп жүрді. Әрине оңай болған жоқ. Кейін ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы барын біліп, тұрғындармен сөйлестік, барлығы қолдады. Бізге біздің «Атлант» ПМК көп көмектесті. Қала әкімшілігі Одақ кезінде жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге көмектесті. Сөйтіп мамыр айынан бастап бізде жаңа лифт пайда болды, - деп кондоминиум төрағасы Валерий Анчуков баяндады.
Үй тұрғындары көтергіш үшін 8 жыл бойы төлейтін болады. Ай сайынғы төлем сомасы пәтер ауданына байланысты. Валерий Анчуковтың айтуынша, олардың үйлерінде екі бөлмелі пәтер тұрғындары 2 600 теңгеден төлейді.
- Лифтке қызмет көрсетумен проблема жоқ. Егер бір жерін реттеу керек болса, хабарласамыз, мамандар келіп барлығын істеп береді. Мұндай жағдай лифтты орнатқанда ғана болды. Қазір мүлдем шақырмаймыз: лифт тамаша істеп тұр. Әрине біз тұрғындармен оны күтіп ұстауға тырысамыз. Бізде егер лифтпен құрылыс қоқысын түсіру керек болса, еденге пленка төсеу қажеттілігі, одан кейін артынан жуып алу керектігі туралы айтылған шарт бар, - деп бөлісті Валерий Анчуков.
Мұндай көтергіш жуыр уақытта Нүркен Әбдіров даңғылындағы 37/2 үйде де іске қосылады. Мұнда өңдеу жұмыстары аяқталуда.
Жаңа лифттер 25 жыл пайдалануға есептелген.
- Лифттердің сақталуы үшін біз электр кәбілдерін міндетті түрде ауыстырамыз, есеп құрылғыларын қоямыз. Машина бөліктерінде вандалдардан қорғау үшін жақсы құлыптары бар жаңа есіктер орнатамыз, тұрғындардың қалауымен дабылдаманы да жасай аламыз, - деді Қарағанды облысы бойынша Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дюсембаев.
Осы жылы көтергіштерді Қарағанды қаласының басқа үйлерінде, Теміртауда, Балқашта, Жезқазғанда және Сәтпаевта жалғастыру жоспарлануда. Қарағанды облысында 46 лифттер жаңартылды, тағы 12-сі жыл соңына дейін жөндеу жоспарлануда.