
Қазақстанда табиғатқа зиян келтіргені үшін жазалау шаралары қатайтылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында мәлімдеді.
- Осы жылы экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында экоамбассадорлар анықталған экобелсенділер слеті сияқты бірқатар шаралар өткізілді. Сонымен бірге Президент тапсырмасымен апатты үйінділерді жою бойынша жұмыстар өткізілді. Сөйтіп, 7,6 мың үйіндіден 5 мыңнан астамы жойылды, - деді Мағқұм Мырзағалиев.
Экология министрлігінің басшысы бұл бағытта жұмыстың «Бірге Таза Қазақстан» акциялары шеңберінде жалғасатынын атап өтті.
- Мәселен, 19 қыркүйекте World Сleanup Day акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әкімдіктерден бізді қолдауды сұраймыз. Сонымен бірге, мемлекет басшысының тапсырмасымен табиғатқа шығын келтіргені үшін жазалау заңнамасы қатайтылатын болады, - деп қосты министр.
inform.kz