Қарағанды облысының ауылдық ауруханаларына қайырымдылық жасаушылар медицина жабдығын сыйлады

Қарағанды облысының ауылдық ауруханаларына қайырымдылық жасаушылар медицина жабдығын сыйлады

«ХИОКНУР» ЖШС, «Зекет» және «Көкбөрі Керней баба» қорлары, сонымен бірге Шет, Ақтоғай, Қарқаралы және Бұқар-Жырау аудандарының кәсіпкерлері Қарағанды облысындағы ауылдық ауруханалар үшін 5,5 миллион теңгеге медициналық жабдық сатып берді.

«Әнет баба» мешітінде 1 қыркүйекте оны медицина мекемелерінің өкілдеріне тапсырды. Іс-шара Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына арналған 30 игі істері шеңберінде өтті.

- Біз 32 оттегі концентраторын, 65 оттегі қапшығын, 50 пульсоксиметр, 40 инфрақызыл термометрлері мен медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарын сатып алдық. Мұның барлығы АДА-ларға және Ақсу-Аюлы, Ағадыр, Доскей, Нүркен, Қарабұлақ және басқа ауруханаларға берілді. Қорлардан басқа, бізге осы аудан бизнесмендері де көмек көрсетті, - деді «ХИОКНУР» ЖШС құрылтайшысы және директоры ​ Мейіржан Абзалұлы.