
Биыл Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындыққа шығындар ұлғайды. Бұл жабдықтардың сенімділігін арттыруға және тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Жылу көздеріндегі және желілердегі жөндеу науқанының барысы туралы Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Улантай Усенов онлайн режимдегі аппарат отырысында мәлімдеді.
- 2020-2021 – жылыту маусымына дайындық шеңберінде барлық көздерден 51,5 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған – бұл 2019 жылға қарағанда шамамен 8 млрд теңгеге артық. Оның ішінде инвестициялар 37 млрд теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық, - мәлімдеді. – Облыстың сегіз электр станцияларында 43 қазандық пен 6 турбинаны жөндеуге 16,9 млрд теңге бөлінген.
Қарағандыда және Жезқазғанда жылу желілерін қайта құрылымдау жүргізіледі. Қалалар мен аудандарда инженерлік коммуникациялар жөнделді. Электр желілерін және қосалқы станцияларды жаңғырту бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Жергілікті жылу көздерін жөндеуге және салуға қаражаттар бөлінді.
Басқарма басшысының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жылу электр станцияларында16 қазандық және 8 турбина жөнделді. Жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыстар жалғасуда.
Улантай Усенов сонымен бірге әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарының, тұрғын үй және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын дайындау туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде іс-шаралар 85%-ға орындалған.
Бюджетттік ұйымдар үшін көмірді әкелу жалғасуда. Қыркүйектің ортасында қорды толығымен қамтамасыз ету қажет.
Облыс тұрғындарына тұрмыстық отынды сату 36 нүктеде жүргізіледі.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек тұрмыстық отын бағалары қолжетімді болуы тиіс екенін атап өтті. Қысқа дайындық барысы үнемі бақылауда табылады деп өңір басшысы атап өтті. Ол қала және аудан әкімдерінің жылыту маусымының тұрақты өтуіне жеке жауапкершілігі туралы ескертті.