
Қарағанды облысында егін жинау жалғасуда. Жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр. Ауа-райы әзірге ауылдықтарға қолайлы болып отыр. Астықтың орташа өнімділігі гектарынан 10 центнерден астам құрайды.
Егін жинау жұмыстарының барысы туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апакашов онлайн өткен аппарат отырысында мәлімдеді.
- 1 қыркүйекке 212 мың га. дәнді дақылдар шабылып, басылды – бұл барлық ауданның 23,7%-ы. Бидай 117 мың га. жиналды, бұл 17%-ды құрайды. Орташа егін өнімділігі - 10,1 ц/га, - деп баяндады.
Картоп өнімі даланың 15%-нда – 1500 га артық жиналды. Орташа өнімділік шамамен 190 ц/га құрайды. Көкөністерді де жинап жатыр.
Егінді жинауға 2345 астық жинаушы комбайндар, 60 – картоп жинаушы комбайн іске тартылды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арзандатылған дизельді отынмен қамтамасыз етілген.
Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы егін жинау кесте бойынша жүріп жатыр және жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жинау жұмыстарының барысы ерекше бақылауда табылатынын атап өтті.