
Желіде пайдаланушылар үшін 600 білім беру алаңы тегін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а., бірінші вице министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
- Білім беру платформалары үшін біз Қазақстанға тек серверлерді ғана «әкелген» жоқпыз, сонымен бірге республикалық интернет-желісіне жүктеме барынша аз болатындай орналастырдық. Яғни біз серверді оқшауладық. Отандық платформалардың бірі - Bilimland. Онымен көптеген әкімшіліктер шарттар жасасады, сондықтан оның серверлері 10 data-орталықта орналасқан. Бұрын барлығы Алматы арқылы өткен, бұл ұйымда трафиктің, ресурсқа қолжетімділіктің қиындығын тудырды, - деді Бағдат Мусин онлайн-эфирде. - Білім беру платформаларына дұрыс бағыттауға және баптауға көмектестік.
Министрдің м.а. өткен оқу жылының төртінші тоқсанында операторларымен тегін қолжетімділік берілген 380 интернет-ресурс болғанын мәлімдеді.
- Бұл жолы БҒМ ұсыныстары бойынша балалардың дамуына әсер ететін 600 білім платформалары мен алаңдары жұмыс істейді. Оларға тегін қолжетімділік бердік. Яғни, сіздің сим-картаңызда бар кез келген тариф жоспарында, егер сіз осы 600 сайттың кез келгенінде табылсаңыз, сіздің тариф есептелмейді, - деп тұжырды Бағдат Мусин.
inform.kz