
Қарағанды облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы аяқталды. Енді өңірдің тағы 36 ауылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді.
ТОБЖ құрылысы 2018 жылы Қазақстанда басталған. Осы жылдың 31 тамызында Қарағанды облысында аяқталды.
Өңірде 876 км талшықты-оптикалық желілер салынды, жоғары жылдамдықты интернетке 36 ауылдағы 121 мемлекеттік ұйымдар қосылды. Олардың ішінде 40 мектеп, 31 аурухана және 50 жергілікті әкімшілік мекемелері. Ауылдық елді мекендердің тұрғындары қалауынша қажетті тарифті өз бетімен таңдап қосыла алады.
Өңірдегі жобаның аяқтаушы қадамы Осакаровка ауданының Центральная ауылында 4G стандартының базалық станциясының құрылысы болды. «Қазақтелеком» АҚ және Kcell компанияларының күштерімен мұнара салынды. Оның жұмысымен ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Бағдат Мусин танысты.
- Қазір ең бастысы – қала және ауыл тұрғындары арасында цифрлық теңсіздіктік жою. Адамдар интернетте тек ойын-сауық қана емес, сонымен бірге білім, жұмыс, онлайн-сауда қолжетімді екенін түсінуі тиіс. Адамдар өзін-өзі жетілдіретініне, ақша таба алатынына, өз шығармашылығын сататынына, дамытатынына – және мұның бәрін интернеттің көмегімен іске асыратынына сенімді болуы тиіс, - деді.
Жаңа базалық станция Центральная және Пионерская екі ауылының тұрғындарының Дүниежүзілік желіге тоқтаусыз қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Интернет-қосылыстың соңғы жаңа форматы жергілікті мектепте және балалар үйінде сынамаланды.
- Сапалы интернет-қосылысы жаңа оқу жылының қарсаңында пайда болғаны өте жақсы. Біздің балалар қашықтықтан оқиды, олар үшін бұл маңызды. Енді құжаттарды онлайн тапсырыс бере алады, ешқайда барудың, уақыт кетірудің керегі жоқ, - деді Пионерский балалар үйінің директоры Анатолий Цебер.
«Қазақтелеком» АҚ және ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері мекеме тәрбиеленушілеріне екі дрон сыйлады, енді балалар шығармашылық қабілетін дамытуға, видеороликтер түсіруге және монтаждауға үйренеді.
Жұмыс сапарының соңында Бағдат Мусин Қарағанды облысының цифрлық даму перспективалары талқыланған «Террикон алқабы» IT-hub құрушыларымен кездесу өткізді.
Вице-министр жобаға жоғары баға берді және бұл бастамалар жас ұрпақтың цифрлық бастамаларын дамытуға маңызды ықпал ететініне сенімділік білдірді.