
Қарағанды облысында мамандандырылған орталықтарды қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өткен жылы 857 785 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Connection point арқылы 579 730 қызмет көрсетілді.
Топ-3 мемлекеттік қызметке көлік құралдарын тіркеу, төлқұжаттар мен жеке куәліктерді ресімдеу, сондай-ақ ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу кіреді.
– Біз сервистерді қолжетімді әрі ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп келеміз, – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.
"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ