
Қарағанды облысында карантин шараларын жеңілдету жалғасуда. Екінші жеңілдету кезеңі 31 тамыздан бастап күшіне енеді. Шешім Мемлекеттік комиссияның отырысын ескере отырып және эпидемиологиялық жағдайлардың жақсаруына байланысты қабылданды.
Кімге 31 тамыздан бастап қызметін жандандыруға рұқсат берілетіні туралы облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Залыгин баяндады.
Қайтадан ашылады:
- діни мекемелер – ұжымдық іс-шаралар өткізілмей жеке қабылдаулар үшін;
- бассейндер – жеке форматта, бір келушіге 5 шаршы м. су айнасы есебімен, тек алдын ала жазылу бойынша;
- спорт кешендері – жеке және топтық жаттығулар үшін, бір келушіге 5 шаршы м. есеппен;
- мәдениет нысандары- толымдылығы бір келушіге 5 шаршы м. есеппен, 30 адамнан аспайтын топпен ұжымдық дайындықтар өткізуге рұқсат беріледі, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау, бетпердені пайдалану және бөлмені үнемі желдету керек.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әлеуметтік қашықтықты және бетперде режимін сақтап келуге рұқсат беріледі. Мемлекеттік ұлттық саябақтарға, қорықтарға жеке не 15 адамнан аспайтын топпен баруға болады.
Қала маңындағы жолаушылар поездерінің, электричкалардың, халықаралық облыс ішілік автобустардың, шағын автобустардың қозғалысы жандандырылады.
1 қыркүйектен бастап оқушылар саны 5-180 адам құрайтын шағын жинақты мектептер сыныпта 15 адам бала санымен күндізгі тәртіпте оқитыны болжамданады. Сонымен бірге, мектепке дейінгі даярлық және бастауыш мектептердің кезекші сыныптары ата-аналардың өтініші бойынша 15 бала есебімен жинақталады.
Арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім қажеттіліктерімен балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар) қызметіне рұқсат беріледі.
- Қызметі жандандырылатын барлық нысандарда келушілерге және персоналға термометрия өткізуді қамтамасыз ету талап етіледі. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау керек. Санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту қажет, - деп Юрий Залыгин мәлімдеді.
Бұрынғыдай ойын-сауық, спорттық жаппай іс-шараларға тыйым салынады. Еске алу шаралары мен отбасылық мерекелерді, оның ішінде үйде өткізуге рұқсат берілмейді.
Қалалық, қоғамдық жағалау, аквапарк және ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салу сақталады.
Демалыс және мереке күндері қатаң шектеу шаралары күшейтіледі. Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері (ондағы дәріхана және азық-түлік супермаркеттерін қоспағанда), азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараз, SPA-орталықтар мен косметологиялық қызметтер көрсету бойынша нысандар, фитнес-орталықтар, спорт-сауықтыру орталықтары, бассейндер, тренажер залдары, спорт кешендері, монша және сауна, ашық ауадағы аттракциондар, діни нысандар өз қызметін тоқтатады.