Қарағанды облысында бір жылда 17 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді  

Қарағанды облысында бір жылда 17 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді   

Қарағанды облысында жергілікті атқарушы органдармен 181 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың 93,4%-ын тұрғындар электронды түрде ала алады. Жыл сайын электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі артып келеді.

Бұл туралы аппараттық кеңесте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағат басқармасының басшысы Константин Ильницкий баяндады.

Ол атап өткендей, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі денсаулық сақтау саласына тиесілі, атап айтқанда, дәрігердің қабылдауына жазылу, жедел медициналық жәрдем шақыру.

– Қаңтардан бастап Senim 109 қызметі базасында денсаулық сақтау басқармасының кол-орталығын орталықтандырдық. Қоңырау шалу тегін, тәулік бойы қолжетімді, – деп хабарлады Константин Ильницкий.

Білім беру саласында сұранысқа ие қызметтер: балабақшаға кезекке қою, құжаттарды қабылдау және мектептерге қабылдау.

Кеңесте айтылғандай, 2024 жылы облыста 17,2 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді, көбінесе электрондық түрде.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалына оқуға жіберіледі, сондай-ақ семинарлар өткізіледі.

Облыс бойынша 13 азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді. Мыңнан астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметтердің 161 жәрмеңкесі өткізілді.

Өткен жылы ашылған Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығында 260 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұдан басқа, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанындағы Әлеуметтік қызметтер орталығы, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту бөлімі жанындағы Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

– Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң талаптары мүлтіксіз сақталуы тиіс. Көзделген мерзімдердің бұзылмауын бақылау қажет, – деді өңір басшысы.