Қарағанды облысының әкімі азаматтардың қабылдауын онлайн өткізді

Қарағанды облысының әкімі азаматтардың қабылдауын онлайн өткізді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтардың кезекті виртуалды қабылдауын өткізді. Бұл жолы адамдар коммуналдық салаға және қоғамдық көлікке қатысты сұрақтармен шықты.

Атап айтқанда, 145 - автобустың қозғалыс кестесі қозғалды және 012 – маршрутты қайтару өтініші айтылды.

- Пришахтинскке №5 автопаркке қарайтын №45 және 145 екі тұрақты маршруты жүреді.  17-тамыздан бастап 45 және 145 маршрут кестесінің саны сағат 08:00-11:00 дейін және 14:00-18:00 дейін ұлғайтылды.  Әзірге Қарағандыда жүргізушілер екі ауысымда жұмыс істейтін кесте жасау қиынға соғып тұр – кадрлар жетіспейді,- деп қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қарағандылық сұрағына жауап берді. 

Оның айтуынша, 012-маршрутты автопарк сыйымдылығы орта автобустар сатып алғаннан кейін қайтаруға болады. Бұл жуырдағы жоспарда бар.

- Біз автопарктердің мүдддесіне әрекет ететін болғанымыз ба? Олар қала тұрғындарына қолайлы болатындай жұмыс істеуі тиіс. Қыркүйекте бізде шамамен 94 жаңа автобус пайда болады. Біз одан әрі автопаркті жаңартатын боламыз, - деді Жеңіс Қасымбек. 

Сонымен бірге, қабылдауда Дубовка ауылындағы су өткізу желілерін қайта құрылымдау бойынша сұрақтар да көтерілді. Өңір басшысы  бұл мәселені анықтауды және тиімді шешім табуды тапсырды.

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты облыс, қала және аудан әкімдерінің азаматтарды жеке қабылдауы уақытша тоқтатылған, тек онлайн кездесулер өткізілуде.