
Қарағанды индустриалды университетінің «Тірі зертханасында» студенттер мен жоғары сынып оқушылары табиғи шөптер мен жидектер негізінде азық-түлік жасаумен айналысады. Жоғары оқу орнының химиялық технология және экология кафедрасы нақты уақыттағы зерттеулер, инновациялар мен эксперименттер алаңына айналды.

«Тірі зертхана» жобасының табысты нәтижелерінің бірі – фитокомпозиция негізінде жасалған жөтелге қарсы шәрбат. Оны әзірлеуге Теміртаудағы № 19 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Ғалымдардың жетекшілігімен олар ақпаратты талдап, компоненттерді іріктеп, препаратты дайындау технологиясын зерттеді.

Жоба тек ғылыми бағытты ғана емес, сонымен қатар кәсіптік бағдарлау жұмысында маңызды рөл атқарады.
– Мұндай жобалар мектеп оқушыларын ғылыми қызметке баулып, университеттің зерттеу базасына жол ашады, – деп атап өтті ҚарИУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Жәутіков. – Командада жұмыс істеу және практикалық білім оларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектеседі.
Әзірлеменің өзектілігі тыныс алу жүйесінің аурулары - жиі кездесетін дерттердің бірі. Сонымен қатар, адамдар табиғи дәрілерді таңдап, оларды қауіпсіз және экологиялық таза деп санайды.
– Фитодәрмектер синтетикалық препараттардан гөрі жанама әсерлерді сирек туғызады, – деп түсіндіреді профессор. – Фитокомпозициядан шәрбат әзірлеу – халықтың денсаулығын жақсарту үшін ғылыми тәсіл мен табиғи ресурстарды біріктіретін өзекті бағыт

Шәрбат құрамына жалбызтікен мен мия тамырлары, эвкалипт кірді.

Жобаға қатысушылар сондай-ақ жақпа майлар мен микстуралар, кәмпиттер мен сусындар, антибактериалды пленка мен сауықтыратын пластырь жасауды үйренді. Әзірге барлық өнім аз мөлшерде шығарылады, бірақ университет сериялық өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр.