
Қарағанды облысында екі полиция қызметкері ведомстволық медальдермен марапатталды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов 26 тамызда Қарағанды қаласының ПБ патруль полициясы полкінің алаңында тарату уақытында көзге түскен үздік қызметкерлерге марапаттар тапсырылды.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаевтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полк командирінің орынбасары Әнуар Сәрсенбек және рота командирі Мейрбек Тлекенов марапатталды.
Полк командирінің орынбасары, полиция капитаны Дархан Алюбаевқа осы бұйрықпен мерзімінен ерте полиция майоры атағы берілді.
- Қоғамдық тәртіпті және заңды қорғау бойынша ілгерінді позицияда патруль полициясы полкінің қызметкерлері тұрады. Олардың өз қызметін тиісті түрде атқарып жатқанын атап өткім келеді. Көрнекі мысал – есірткінің едәуір бөлігін сақтау және тасымалдау сияқты аса маңызды қылмыстар ашылды. Сол арқылы біз жерлестеріміздің өмірін сақтап қалдық. Маған күнделікті ерлік жасауға қабілетті көзге түскен қызметкерлерімізді құттықтау еншісі түсті. Біз қызметкерлердің көрсеткен ержүректіліктерін үнемі ескеріп отырамыз, - деді Кұрманғали Ысмағұлов.
polisia.kz ақпараты бойынша