
Шахтёр күні Қарағанды облысында аса маңызды мерекелердің бірі. Осы жылы коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты жаппай қыдырулар мен салтанатты тойлаулар болмайды және мерекелік от шашудан бас тартылды. Карантин жағдайында батыл және қауіпті мамандық иелері - кеншілер өзгеше форматта құттықталды. Барлық концерттер мен мерекелік іс – шаралар онлайн өткізіледі. Үздік қызметкерлерге марапаттар аз ортада тапсырылуда.
Өндіріс озаттары барлық сақтандыру шараларын сақтап әрбір кәсіпорында жеке құттықталуда. Жер астында жұмыс істейтін шахтёрлерді еңбек ауысымынан кейін жер бетінде сыйлықтармен күтіп алуда.
«Шахтёр даңқының» толық иегерлерін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінде құттықтады. Кездесуде ІІ-дәрежелі «Шахтёр даңқын» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтой медалін тапсырды.
- Шахтёр күні – бұл біздің аса маңызды мерекеміз. Біз үздіктерді марапаттаймыз. Коронавирус пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, жер астындағы кәсіпорындардың жұмыс қарқынын сақтай алдық. Бірінші жарты жылдықтағы өндіріс нәтижелері өткен жылға қарағанда тіпті жақсы. Бұл біздің ұжымымыздың ұйымшылдығы мен сенімділігінің арқасында мүмкін болды, - деп «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз атап өтті.
Ленин шахтасының директоры Арман Калыков бүгін ресми емес шахтёрлер астанасы Шахтинск болды деп санайды. Оның ойынша, шахтёр мамандығының имиджін ардагерлерге көп көңіл бөлу тірілткізу керек.
- Қарағанды, өкінішке орай шахтёр астанасы мәртебесін жоғалтуда. Қазір назар біртіндеп мен тұратын Шахтинск қаласы ауысып жатыр. Соңғы жылдары біздің ұжымда жаңару өткені қуантады. Мен өзім өз мамандығымды мақтан тұтамын және өз тағдырымды шахтёр еңбегімен байланыстырғаныма еш өкінбеймін, - деді, шахтёрлік өтілі 30 жылға жақындаған кәсіпорын басшысы. – Ардагерлерге көбірек көңіл бөлу керек. Үлкендерді құрметтеу мысалымен жас адамдар оларға да лайықты қарым-қатынас пен құрмет келетінін түсінуі керек.
«Шахтёр даңқының» толық иегері, «Саранская» шахтасының кенжарлық жабдықтары учаскесінің механигі Валентин Денисов өз атасының ізімен кеншілікке барғанын әңгімеледі. Оның жер астындағы өтілі 44 жыл құрайды.
- Шахтёрлер әулетінің өкілімін деп айтуыма болады. Майқұдық тау-кен училищесін – МТКУ – тәмәмдадым, - деп қалжындады, І – дәрежелі «Шахтёр даңқының» иегері. – «Майкудукская» шахтасында жұмыс істеп бастадым, одан кейін «Карагандинской» шахтасында, міне енді «Саранской» шахтасында 22 жыл еңбек етудемін. «Шахтёр даңқына» ие болу үшін үнемі жұмыс істеу керек, үнемі өз біліктілігінді арттыру керек.
Еңбек әулетінің өкілі Бектұрған Дюсенов болып табылады, ол Күзембаев шахтасы № 1 учаскесінің ТКТК жұмыс істейді. Әкесінің өкшесін басып, оның жер астындағы өтілінен асып озды.
- Менің әкем 37 жыл шахтёр болып істеді. Мен 1982 жылы әскерден кейін шахтаға орналастым. Осы жылдың желтоқсан айында 36 жыл жер асты жұмыс өтілі болады, оның 26 жылын Күзембаевта істедім, - деп ІІ-дәрежелі «Шахтёр даңқымен» марапатталған Бектұрған Дюсенов ойымен бөлісті. – Ең бастысы – қауіпсіздік техникасын сақтап, адал еңбек ету керек. Жастарға үлгі болып, олардың ұстазы болу керексің, «Шахтёр даңқы» бірден берілмейді, жылдар өте – тәжірибең үшін, жұмыс сапасы үшін беріледі.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің ақпараты бойынша кәсіби мереке қарсаңында 500 астам кеншілер марапаттаулармен және сыйлықтармен атап өтілді. «Шахтёр даңқы» және «Кенші даңқы» төс белгілеріне компанияның 48 қызметкері ие болды.