Қарағанды облысының тұрғындары үшін жедел медициналық жәрдем нөмірлері

Қарағанды облысының тұрғындары үшін жедел медициналық жәрдем нөмірлері

28 тамыздан 29 тамызға қараған түні «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК телекоммуникациялық жабдықта регламенттік жұмыстарды жоспарлап отыр.

02.00-ден 02.20-ға дейін «103» телефон нөмірлерінің жұмысында ақаулар болуы мүмкін.

Егер жұмысқа бөлінген уақыт ішінде 103-ке қоңырау шалу мүмкін болмаса, келесі нөмірлерге қоңырау шалу ұсынылады:

- Қарағанды тұрғындары үшін стационарлық телефон аппараттарынан: 396-496, 396-498, 396-493;

- Қарағанды облысының тұрғындары үшін стационарлық аппараттардан: (8-7212) 396-496, (8-7212) 396-498, (8-7212) 396-493;

- ұялы телефондардан: 8-701-351-38-96, 8-708-439-64-96, 8-708-439-64-98, 8-708-439-64-93.

«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.