Қарағанды облысында Кәсіпкерлер палатасы Өлкелік кеңесінің жаңа құрамы анықталды

Қарағанды облысында Кәсіпкерлер палатасы Өлкелік кеңесінің жаңа құрамы анықталды

Қарағанды облысында Кәсіпкерлер палатасы Өлкелік кеңесінің өткен сайлауының қорытындысы жасалды. Бір өңірдің кеңес мүшелерінің квотасы 35 адамды құрайды. Оның құрамына барлығы 83 үміткер – белсенді бизнесмендер, қауымдастық басшылықтары дауысқа салынды.

Облыс орталығының, қалалар мен аудандардың бизнес субъектілерін біркелкі таныстыру үшін өңірлік кеңестер құрамында мынадай арақатынас белгіленді: 60%-ы облыс орталығына, 40% - ы аудандарға, моноқалаларға және шағын қалаларға бекітілген.

Дауыстарды санау қорытындысы бойынша және өңірге белгіленген квотаны ескере отырып, 35 мүшеден тұратын Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы жарияланды.

Кеңесте өнеркәсіп, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, жылжымайтын мүлікпен операциялар, білім беру, денсаулық сақтау, ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, тұру және тамақтану қызметтері және т. б. салалар ұсынылған.

- Өздеріңіз көріп отырғандай, кеңес құрамы облыс экономикасының құрылымына сәйкес келеді, салалық қағидат сақталуда. Бұл барлық салалардағы бизнестің кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылығын көрсетеді. Кеңес құрамына кірмеген үміткерлерді комиссия резервке енгізеді және оларды облыстың бизнес-ортасын жақсарту жөніндегі жұмысқа тартуды, сондай - ақ комитеттерге, комиссияларға және жұмыс топтарына шақыруды ұсынады, - деді іріктеу комиссиясының төрағасы, «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС президенті, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Болат Кенжин.

Өңірлік кеңес мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы диалог алаңы болып табылатыны белгілі. Оның мүшелері бизнестің проблемалық мәселелерін шешуге қатысады, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-сұлтан және Шымкент өңірлік кеңестерінде, сондай-ақ Қазақстанның 12 облысында 436 орынға іріктеуге 1 028 үміткер қатысқан болатын. Елімізде барлығы 130 мыңнан астам кәсіпкер дауыс берді. Қарағандылық бизнесмендер ең белсенді дауыс бергендер ретінде белгілі болып отыр (11,2 мың дауыс).

Қарағанды облысының «Атамекен» ӨКП баспасөз қызметінің ақпараты бойынша