Тура он вагонетка

Тура он вагонетка

Еңбек сіңірген икенші Мейрам Ақжановтың өмір жолында жарты ғасырға жуық еңбек өтілі бар. Ол барлық еңбек сатыларынан өтті - жұмысшыдан бастыққа дейін.

Кенші болу жайындағы өз шешімі туралы Мейрам Ақжанов күлімсіреп былай дейді:

- Біздің отбасымызда сегіз бала болды, мен ең үлкені болдым. Бір әке ғана жұмыс істеді. Мен өскенде, мен де бауырларымды асырап-жеткізуге өз жәрдемімді беру үшін жұмыс істеуге баруым керек еді. Сол кезде халық кеншілер он жылдан кейін зейнетке шығады және олар жақсы ақша табады деп айтатын. Бұл маған қатты ұнады. Онымен қоса, әкем де шахтада жұмыс істеді. Сондықтан менің тағдырым алдын-ала шешілді. Тау-кен техникумын тәмамдап, 17 жасымда шахтаға жұмысшы ретінде келдім.

Айта кету керек, Мейрамның әкесі Арын Ақжанов - еңбек ардагері, еңбек сіңірген кенші, «Еңбек Қызыл Туы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған, Қаныш Сәтбаевтың шәкірті мен серігі.

Мейрам 1963 жылы шахтаға жұмысқа орналасты. Ол ескі, атадан қалған жұмыс әдісін қолданған уақытқа тап болды: көмір тиелген вагонеткаларды жылқылар таститын.

- Ал мен мүлдем әлі жаспын, маған қызық болатын. Бір кеншіден аттың аты қалай екенін сұрадым. Ол: «Савраска» деп жауап берді. Содан кейін ол маған бір ауысымда жылқы оқпанға көмір тиелген он вагонетка шығаратынын айтты. Әрқайсысы 700 килограмнан. Ол біреуін апарғанда, оны еркелетіп, сипап, тәттілерді, мысалы, қанттың бір бөлігін беру керек. Сонда ғана одан әрі жұмысын жалғастырады. Олар өте ақылды болды: егер вагонеткада салмағы 700 кг-нан көп көмір болса, ол орнынан қозғалмайды. Сондай - ақ, егер оны он бірінші рет жұмысқа жексеңіз - онда да бармайды, - деп еске алады еңбек сіңірген кенші.

Әрине, жылқылардың тиімділігі аз болды. Мейрам Ақжановтың айтуынша, бір ауысымда 50 тонна көмір беретін болса, одна жақсы. Техниканың келуімен жұмыс түбегейлі өзгерді - тоннаж 300-500-ге дейін өсті.

-Менің көз алдымда көп нәрсе өзгерді - елу жылдан астам жерасты тәжірибесі. Қара жұмысшыдан шахта директорының орынбасарына дейін өттім. Мен барлық алғашқы техникаларды, машиналарды сынақтан өткіздім. Бүгінгі таңда заманауи комбайндар кез-келген жерді бұзып шығады. Ал бұрын біз бәрін қолмен жасадық. Арқандарды да сүйредік, балта, қайлы, ара, ұрғылау балғасымен жұмыс істедік.

Кеңес заманын еске ала отырып, еңбек ардагері кеншілер ел үшін көбірек көмір бергісі келетінін айтты.

- Көмірді барынша өндіру бойынша түрлі жарыстар өткізілді. Айтпақшы, біз әрқашан жетекші орындарға ие болып отырдық. Жиі жоспарды асыра орындадық. Сонымен қатар, комсомолдар бола отырып, жас кеншілер кездесулерін ұйымдастырып отырдық, онда тәжірибе алмасып, жай ғана әңгіме дүкен құрып әңгімелесіп отырдық, дос болық.

Мейрам Ақжановтың айтуынша, бұл тату уақыт болды: қазақтар, орыстар, немістер, поляктар, литвалықтар және басқалар бірге жұмыс істеді.

- Біз ешқашан ұлттарды да, діндерді де ажыратып бөлген жоқпыз. Өте тату өмір сүрдік. Бір-бірімізге қонаққа бардық. Барлық мерекелерді бірге атап өттетінбіз. 86 отбасы болды. Көбісімен әлі де болса араласып тұрамыз.

Әр түрлі жарыстарға белсенді қатысқан және тіпті Олимпиадаға дайындалған әріптестер мен спортшылар да болды арамызда. Ұжымда шығармашылық, дарынды адамдар да болды:

- Менде ең әдемі безендірілген талғампаз: ағаштан жасалған әртүрлі стендтерді кесіп жасайтын шеберлер, плакаттар мен қабырға газеттерін салатын таланттар болды. Әрине, КСРО-ның ыдырауымен мұның бәрі ұшып кетті, бірақ естеліктер қалды. Тәртіп те, тәрбие де болды, өйткені ол кезде бәрі қатал болған: кеншінің кінәсі үшін олар, мысалы, пәтерден айырылуы мүмкін еді.

Шахтадағы жұмыс тек денсаулық үшін ғана емес, жалпы кеншілердің өмірі үшін де үлкен қауіп-қатермен байланысты екені белгілі. Әрине, Мейрам Ақжановтың жадында қайғылы оқиғалар да қалды.

- Ауысымдардың бірінде, таңертең үйге бару керек болған кезде, менің көз алдымда қайғылы оқиға болды - менің бригадирімнің басын шынжырмен қиып өтті. Мен шу естідім, содан кейін жарық сөніп, аздап жер ойылып түсті. Оқиға орнына жүгірдім, бірақ ол қараңғы, ештеңе көрінбейді. Тек әріптестің қыңырлағаны ғана естілді. Қорқуға, үрейленуге уақыт болмады. Тура нұсқаулық бойынша әрекет еттім: үстіге қоңырау шалдым, бізде жарақаттанғанның барын, тірі екенін хабарладым... Бірақ менің бригадирім аман қалмады - зембілде қайтыс болды, - дейді ардагер.

Мейрам Ақжановтың өзі де жұмыс ауысымы кезінде қатты жарақат алған. Осыдан кейін ол алты ай ауруханада жатты.

- Менің оң иығым жарақат алды. Штробаны бұза бастаған едім – жабын  құлап, мені жер басып қалды. Бірақ құлаған жер аз болды, менің әріптестерім тез әрекет еттім, шығары алды. Осыдан кейін 2-3 минуттан кейін жер ойылып құлады. Құдай сақтап аман қалдым. Нәтижесінде менің бұғанам мен жауырыным орнынан жылжып кетті. Бірақ емдеу мен қалпына келтіруден кейін мен шахтаға қайта оралдым. Өз жұмысына үйреніп алғаным соншалық кейде жер астында өзімді жер бетінен қарағанда қауіпсіз сезіндім, - деп мойындады еңбек сіңірген кенші.

Осылайша жарты ғасыр өте шыққанын білмейде қалды. Мейрам Ақжановтың көптеген марапаттары мен атақтары бар: «Еңбек ардагері», «Құрметті кенші», Кеншілік және Еңбек даңқының толық кавалері (I, II, III дәрежелі), «Мамандығы бойынша үздік», «Коммунистік Еңбек екпіндісі», «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» және т.б. Биыл ол өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтеді.

- Кеншілер күні қарсаңында баршаңызға денсаулық тілеймін (алайда барлық кеншілер мықты, табанды - пандемияға төтеп бере алады), көңілденіп, күлімдеп жүру керек. Біздің өңірдің көмір өнеркәсібіміз-дамып, өркендей берсін. Кеншілерге - демалыс күндерін көп берсін, өйткені демалған адамнан  жұмыстың өнімділігі де бірнеше есе көп. Берік шатыр және жақсы ауа райы тілеймін! - Мейрам Ақжанов кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтайды.