
Жүгіруді жақсы көретін қарағандылықтарды квестке шақырады. Ол 30 тамыз күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында өзгеше форматта өтеді.
RUN QUEST KRG - 2020 – бұл Қарағандыдағы квест элементтерімен және жергілікті жерде бағдар ала білумен өтетін бірінші жүгіру. Іс-шара Қарағанды облысының Жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен «Безграничные» спорт клубымен ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар мәлімдегендей, барлық ниет білдірушілер жүгіру үшін өзіне қолайлы уақытты таңдай алады. Квест сағат 09:00-17:00 дейін өтеді.
Сөре орнына келіп, жүгіру қосымшасын қосып, телеграм-бот арқылы ойынды қосу керек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, квест қатысушыларға туған қаланы жақсы білуге көмектеседі, себебі мақсатқа дейін жүгіріп өту үшін, олар фото бойынша белгіленген нүктені анықтауы тиіс. Одан әрі жасырылған цифрлық кодты тауып, оны бағдарламаға дұрыс енгізу керек. Осылайша барлық бағыт бойынша болады.
Мәреде қатысушылар лайықты медальдерін және дәмді сыйлықтарын алады. Ал квестті минималды уақыт ішінде соңына дейін өткен адам арнайы сыйлыққа ие болады.
Қатысу, тіркелу мен басқалары туралы толық мәліметтерді +7-701-769-44-63 телефоны бойынша білуге болады.