Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті онлайн бере алады

Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті онлайн бере алады

ЕGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындауға электронды өтініш беруге болады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы «Отбасы» бөлімінің «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлігінде «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау»көрсетілетін қызметін таңдау керек. Содан кейін өзіңіз туралы мәліметтерді және жәрдемақыкеліп түсетін банктік шотты енгізіңіз. Содан кейін бала туралы мәліметтерді көрсетіп, электрондықцифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінішке қол қою қажет.

Өтініште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, алименттерді, баланың мүлкінен табуға болатын кірістер туралы мәліметтерді көрсету қажет екенін айта кету керек.

Егер сұрау салу сәтті орындалса, жәрдемақы тағайындау туралы шешім пайдаланушының жеке кабинетіне бір жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Көрсетілетін қызметке сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/guardianship/76pass_mon.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша