Қарағандының әскери лазареті жарты ғасырлық мерейтойын тойлауда

Қарағандының әскери лазареті жарты ғасырлық мерейтойын тойлауда

Қарағандының әскери лазаретіне 50 жыл толды. Жылдар бойы оның мамандары әскери қызметкерлердің денсаулығы үшін жұмыс істейді. Жоғары білікті персонал Отан қорғаушыларға медициналық көмек көрсетеді. Бұрын бейімделмеген, қазір заманауи стандарттар мен ережелерге сәйкес келетін ғимаратқа қайта түрленіп шыға келді.

1970 жылдың жазында Қарағанды облысына Алма-Атадан ІІ дәрежелі Суворов орденінің 203-ші Запорожье-Хинган Қызыл Тулы мотоатқыштар дивизиясы көшірілді. Ірі әскери бөлімді білікті, соның ішінде шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін облыс орталығында 75 төсекке арналған гарнизондық әскери госпиталь құрылды. 

Бастапқыда медициналық мекемені Дубовка ауылындағы бес қабатты ескі құрылыстың, бұрынғы «Қарағанды көмірі» тресті медсанбөлімінің орнына орналастырылған болатын. Бөлім командирінің бірінші бұйрығы 1970 жылдың 26 тамызында шықты. Бұл күн оның туған күні болып саналады. Госпиталь Қарағанды, Жезқазған, Целиноград, Павлодар, Торғай, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда шоғырланған әскери бөлімдерді медициналық қамсыздандыруға арналған болатын.

1989 жылы мекемені Қарағандыға – Архитектурная көшесіндегі әскери қалашыққа ауыстырды. 2006 жылдың наурызында әскери медиктер Ермеков көшесіндегі төрт қабатты ғимаратқа қоныс аударды. Әскери Күштердің қайта қалыптастырылуына байланысты бөлім гарнизондық әскери госпитальдан Әскери лазаретке атын ауыстырды және оның құрамында – хирургиялық және терапевтік екі бөлім бар.

Бүгінгі таңда мекемеге медициналық қызметтің подполковнигі Күмісбек Өтегенов басшылық жасайды. Әскери лазарет заманауи жабдықтармен жабдықталған. Емхана жеке ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ, Қарағанды гарнизонының әскери қызметкерлері облыс орталығында және Нұр-Сұлтанда тар мамандық иелерінен кеңес ала алады.

Қазақстандағы төтенше жағдай уақытында  Әскери лазарет мамандары азаматтық медицина қызметкерлеріне көмекке келді және короновурус пандемиясымен күресте алдыңғы қатарда болды. Дәрігерлер мен мейірбикелер Қарағанды және Алматының уақытша госпитальдарында жұмыс істеді.  

Сонымен қатар, әскери лазарет әскери бөлімдердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылап отырды. Мекеме Қарағанды гарнизонын қорғау маскаларымен, антисептиктермен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіп отырды.

- Ортақ кесапат ауызбірлікке  әкеледі. Еліміздің, сондай-ақ барлық әлемнің басына түскен барлық сынақтарды бастан өткереміз және оданда күшті боламыз деп ойлаймын. Алдымызда тұрған басты міндеттер бұрынғысынша қала бермек. Біз солдаттар мен офицерлерімізді олардың қызметтік-әскери міндетін орындаудан кедергі жасайтынның барлығынан қорғауға тиіспіз, - дейді Күмісбек Өтегенов.