
Қарағанды облысында қала және ауыл мектептері арасында білім сапасындағы алшақтықты қысқартуға тырысады. Облыстық әкімдік пен «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ арасындағы меморандум бойынша Қарқаралы ауданында «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы іске асырылады.
Оның бірінші нәтижелері мен болашаққа жоспары туралы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шамшидинова онлайн режимде өткен тамыз конференциясында баяндады.
- Жоба мақсаты – ауыл мектептеріне қажеттіліктерді және қажетті көмекті анықтау. Сарапшылар үш негізгі бағыттарды зерттеді: бұл оқыту және оқу, мектеп климаты және инфрақұрылым. Жоба шеңберінде екі бағыт бойынша жұмыстар өткізілді: мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру және мемлекеттік стандарттарға сәйкес жабдықтар мен әдебиетпен қамтамасыз ету. Педагогтардың, ата-аналар мен оқушылардың сауалнамасы өткізілді. Соңғы бес жылдағы білім сапасының нәтижелері талданды, - деп мәлімдеді спикер.
Оның айтуынша, 2020 жылдың ақпан айынан бастап Қарқаралы ауданының төрт мектебінің мұғалімдері үшін 16 семинар және 400 астам әдістемелік іс-шаралар өткізілді. Аналитикалық материал мен әдістемелік жинақтар дайындалды.
2021 жылдың мамырына дейін педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарында оқуды жалғастыру жоспарлануда.
- Қарқаралы ауданының төрт мектептерінде 127 қызметкер НЗМ базасында машықтанудан өтеді. Бірінші кезекте, бұл әкімшілік қызметкерлері, химия, физика, биология, информатика, робототехника оқытушылары. Одан әрі олар семинарлар өткізіп, әріптестерін практикалық және зертханалық жұмыстарды өткізуге, мектеп оқушыларының қатысуымен жобалау жұмыстарын ұйымдастыруға үйретеді. 101 әдістемелік іс-шаралар өткізілетін болады, - деп мәлімдеді, Күләш Шамшидинова.
НЗМ мамандары сонымен бірге ауыл мектептерінің материалдық-техникалық күйін зерттеп-тексерді және олардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.
- Біз ауылдың мықты мектептерін көрдік. Оларға біздің көмегіміз бен қолдауымыз керек, - деп «НЗМ» басқарасының төрайымы атап өтті.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек осы жобаның өзектілігін атап өтті.
- Біз НЗМ көмегін жоғары бағалаймыз. Облысымыздың ерекшелімі шағын жинақты ауыл мектептері. Қарқаралы тәжірибесін біз кезең-кезеңмен барлық ауыл мектептеріне енгізетін боламыз, - деді облыс басшысы.
Тамыз конференциясында ауылдық мектеп оқушыларына арналған тағы бір жоба - JasAgroSkills туралы айтылды. Ол ауыл шаруашылығындағы мамандықтарға қызығушылықтарды арттыруға бағытталған. Олардың ішінде компьютерлік егін шаруашылығы, ландшафтты дизайн, флористика, гидропоника және аэропоника сияқты сұраныстағы мамандықтар да бар.