Қарағандыда үш күнде 36 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қарағандыда үш күнде 36 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бүгін, 21 қаңтарда Қарағандыда жолдарды қардан тазартуға 140 жұмысшы мен 300 арнайы техника жұмылдырылды. 

Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігі.

Бірінші кезекте қаланың ірі магистральдары тазалау жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін жол төсемі сыпырылады. 

Сондай-ақ жолда көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасы себіледі.

Соңғы үш күнде қала көшелерінен 36 мың текше метрден астам қар шығарылды.