Қарағанды облысынан Абай оқуларының республикалық кезеңінің барлық қатысушылары жүлделі орындар алды

Қарағанды облысынан Абай оқуларының республикалық кезеңінің  барлық қатысушылары жүлделі орындар алды

Абай оқуларының республикалық кезеңі аяқталды. Байқау алғаш рет онлайн-форматта өтті. Қарағанды облысының намысын қорғаған алты мәнерлеп оқушы жүлделі орындар алды. Облыстың командасы бірнеше жыл еліміздегі үздіктердің қатарында.

Байқау қорытындысы бойынша 1 - орынды алғандар:

- Мұрат Дильназ - №61 ЖББОМ (Қарағанды);

- Гюнель Ширинова - №38 гимназия (Қарағанды);

- Асқар Мағжан – «Дарын» Қарағанды мамандандырылған мектеп-интернаты.

3-орын:

Ботажан Әлмұхамбет - № 61 ЖББОМ;

Сәния Аекина – Ақтоғай ауданының Шашубай мектебі -  балалар бақшасы» кешені;

Айым Аманжолова - Жамбыл атындағы ҚММ.

Жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетсек, XXI Республикалық Абай оқулары 8-11 (12) сынып оқушылары арасында өтті. Байқау қашықтық режимінде ZOOM платформасында өтті.