
Жаңа оқу жылында Қарағанды облысының мектеп оқушылары алғаш рет креативті ойлауға тест тапсыратын болады. PISA халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығының әлемдік рейтингі анықталады.
Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова онлайн режимде өткен тамыз конференциясында мәлімдеді.
- Мектеп бітірушілерінің функционалды сауаттылығы еліміздің тіршілік әрекетінің негізі ретінде және қоғамдық қолайлылық индикаторы ретінде қарастырылады. Биыл жүзеге асыру басталған жаңа Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторларының бірі – PISA- халықаралық зерттеулер - мектеп оқушыларының функционалды сауаттылылығының әлемдік рейтингінде біздің оқушыларымыздың нәтижелерін арттыру, - деп атап өтті спикер.
Оның айтуынша, PISA-2018 қорытындысы бойынша, Қарағанды облысының мектеп оқушылары математикалық сауаттылық бойынша республикада бірінші орын, оқырман және және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша – екінші орын алды.
Келесі жылы PISA негізгі бағыты математикалық сауаттылық болады. Сонымен бірге, 15 жасар мектеп оқушыларының кретивтік ойлауы алғаш рет зерттеуге алынады. Зерттеу компьютерлік тестілеу форматында өтеді.
Гүлсім Кожахметова мақсаты балалар мен жасөспірімдердің функционалдық сауаттылығын арттыру болатын жаңа білім жобалары туралы баяндады.
Балалар бақшасында «Батыл ғылым» халықаралық білім жобасы енгізілуде. Мектепке дейінгі оқушыларға физика, химия, биология және астрономия заңдарының негіздері қолжетімді түрде болады.
«Зейін» жобасы 4-сынып және орта буын оқушыларына арналған. Ол балаларға әр түрлі өмірлік жағдайларды шешуде қажетті білім алуға көмектеседі.
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері «Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша өткен жылдан бері бизнес және кәсіпкерлік негіздерін оқуда. Осы жылдан бастап ұйымдастырушылары мен сарапшылары танымал бизнесмендер болатын «Бизнес START» мектеп оқушыларының олимпиадаларын өткізу жоспарлануда.