Қарағанды облысында «Мектепке жол» акциясының шеңберінде оқушыларға 977 ноутбук сатып алу жоспарлануда

Қарағанды облысында «Мектепке жол» акциясының шеңберінде оқушыларға 977 ноутбук сатып алу жоспарлануда

Қарағанды облысында «Мектепке жол» акциясының шеңберінде барлық білім ұйымдарында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша іс-шаралар өтіп жатыр.

Білім басқармасында хабарлағандай, қазір оқушыларды, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын, жеттім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды интернетпен қамтамасыз ету және компьютерлік техника сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «Қазақмыс» Корпорациясы мен Осакаровка ауданының шаруа қожалықтарының көмегімен 977 ноутбук сатып алынады.

Сонымен бірге, ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы, дағдарыс жағдайында қалған адамдарға гуманитарлық көмек және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша қоғамдық ұйым әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 150 балаға 2,5 млн.теңгеге мектеп құралдары мен канцелярия тауарларын сатып әпереді.

Сонымен бірге Жалпыға міндетті оқу қоры қолдауға мұқтаж 22 671 оқушының әрқайсына 25 мың теңгеден (канцелярия тауарына - 5 мың теңге және мектеп немесе басқа киім алуға - 20 мың теңге) материалдық көмек береді.