Қандай елдер Қазақстан авиарейстерін жандандырды

Қандай елдер Қазақстан авиарейстерін жандандырды

17 тамыздан бастап Қазақстанда аптасына алты бағыт бойынша төрт елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі.

Аптасына 23 рейс жүзеге асырылады:

- БАӘ (11 рейс) ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;

- Германия (5 рейс) ағымдағы жылдың 18 тамызынан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);

- Беларусь (4 рейс) ағымдағы жылдың 19 тамызынан Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;

- Украина (3 рейс) ағымдағы жылдың 19 тамызынан Алматы - Киев (3 рейс).

Египетке рейстерді ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда.

2020 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Ұшулар Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.

Еліміздің барлық әуежайларда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді, қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылды, карантин шаралары сақталуда (бетперделер мен қолғаптарды міндетті түрде кию). Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің байланыссыз термометриясы жүргізіледі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ақпараты бойынша