
Бүгін, 25 тамызда Қарағанды облысының әкімшілігіндегі онлайн-отырыста өңірді газдандыру мәселелері талқыланды. Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов үйлерді көгілдір отынға қосу бойынша жоспарлар туралы баяндады.
- Осы жылы Қарағандыда 1 865 үйді газдандыруды жоспарлап отырмыз. Оларға газ өткізілген. Теміртауда 506 үйге газ өткіземіз. Жезқазғанда – 550, газ құбырын өткізу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, - деп Ұлантай Үсенов мәлімдеді.
Қазір облыста газ шығынын есептеу құралдары сатып алынуда. Қолда 70 есептегіш бар. Оларды монтаждау осы аптада Теміртау және Жезқазған қалаларында басталады.
Үйді газға қосу тек тұрғынның келісімімен болады. Келісім газ тарату желілерін пайдалануға енгізгеннен кейін басталады. Бұл осы жылдың қыркүйек айының басында болуы тиіс.
Әзірге газ қаланың тек жеке секторларында ғана өткізілуде.