Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1–қыркүйек күні халыққа жолдауымен шығады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1–қыркүйек күні халыққа жолдауымен шығады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1-қыркүйек күні халыққа жолдауымен шығады. Оның жолдауының көп бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады.

«Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы 2020 жылдың 1-қыркүйегінде Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жоспарланды. Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарын баяндайды», - деп ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.